Валентина Хальзова Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

140

2026 жылғы Азия чемпионатында ел қоржынына алғашқы жүлде түсті. 

Валентина Хальзова Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды Фото: Olympic.kz

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жектер жалғасуда.

Әйелдер арасында 75 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен әлем чемпионы Валентина Хальзова 1/2 финалда Қытай өкілі Зи Баомен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы тактикалық тұрғыда сауатты өнер көрсетіп, қашықтықты тиімді пайдаланып, қарсыласының шабуылдарын бақылауда ұстауға тырысты. Ал қытайлық спортшы үш раунд бойы белсенді қысым көрсетіп, үздіксіз шабуыл ұйымдастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен 3:1 есебімен жеңіс Қытай боксшысына берілді. Осылайша, Валентина Хальзова құрлықтық біріншіліктің қола жүлдесін иеленді.

Ал, тағы бір қазақстандық боксшы Бақыт Сейдіш (70 кг) финалға шықты. Ол бүгін жартылай финалда Қытай спортшысы Алимир Абудуреймун жеңді. Отандасымыз төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Жалпы жартылай финалға 13 боксшымыз жолдама алған болатын. Енді 1/2 финал аясында тағы 11 қазақстандық былғары қолғап шебері шаршы алаңға шығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу