Велоспорттан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионы атанды

135

Велошабандоз қыздарымыз алтыннан алқа тақса, жасөспірімдеріміз ерлер арасында Қазақстан рекордын жаңартты. 

Велоспорттан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионы атанды

21-31 наурыз аралығында Филиппин Республикасында тректегі велоспорттан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Құрлықтық додаға 19 елден 300-ден астам спортшы қатысуда. Бұл жарыста Қазақстан ұлттық құрамасы жасөспірімдер, элита және паравелоспорт санаттары бойынша ел намысын қорғауда. 

Жарыстың алғашқы күнінде командалық сайыстар өтті. Жасөспірімдер санатында қыздарымыз жоғары нәтиже көрсетіп, із кесу жарысында алтын медаль жеңіп алды. Қазақстан құрамасы сапында Аружан Кабдулова, Виталина Хоружая, Анель Ташбай және Әлия Бакаева өнер көрсетіп, қарсыластарынан басым түсті. Бұл сында Тайпей құрамасы екінші орынды иеленсе, Өзбекстан спортшылары үздік үштікті түйіндеді.

Ал жасөспірімдер арасындағы ерлердің командалық із кесу жарысында Қазақстан құрамасы төртінші нәтиже көрсетті. Дегенмен, отандастарымыз 3:54.251 уақыт көрсеткішімен ел рекордын жаңартты. Ұлттық құрама сапында Әлішер Жұмақан, Рамис Дінмұхаметов, Илья Карабутов, Дмитрий Носков және Максим Хорошавин сынға түсті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын сәтті бастады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу