Венесуэла президенті жер сілкінісінен қанша адамның опат болғанын мәлімдеді

Қазіргі уақытта бүкіл елде төтенше жағдай жарияланды.  

Венесуэла президенті жер сілкінісінен қанша адамның опат болғанын мәлімдеді Фото: nbcnews.com

Венесуэла президенті Делси Родригес осы қайғылы оқиғаға қатысты халыққа үндеуін жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Каракас пен басқа аймақтарға да айтарлықтай зиян келгені айтылады. Бұған дейін елде 7 балдық жүйеден асатын жер дүмпуі тіркелгенін жазған едік.

Соңғы мәліметтер бойынша, Родригес кемі 32 адам қаза тауып, 700-ден аса адам жарақат алғанын растады.

Родригес жер сілкінісінің бірнеше штатта зардап тигізгенін жеткізсе де, зақымданған үйлер мен ғимараттардың саны, жарақаттанғандар немесе қаза тапқандар туралы нақты деректерге тоқталмады.

Ел астанасының негізгі әуежайы – Симон Боливар халықаралық әуежайы да елеулі зақым алғандықтан жабылған. Метро мен теміржол қатынасы да тоқтатылды.

– Халқымызды сабырлы болуға шақырамыз. Бірлікке үндейміз, – деді Родригес.

Ең өкініштісі, құрбандар саны әлі де артуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу