Жер дүмпуі Венесуэланың солтүстігінде болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның магнитудасы 7,1 балдық жүйені құрады.
Соңғы мәліметтерге сай, жерасты дүмпулері сәрсенбі күні жергілікті уақытпен сағат 18:04-те (Астана уақытымен бейсенбі күні сағат 03:04) Валенсия қаласынан солтүстік-батысқа қарай 60 шақырым жерде тіркелген.
Статистикалық дерек бойынша, бұл қалада шамамен 1,62 миллион адам мекен етеді. Жер сілкінісінің ошағы 13 шақырым тереңдікте орналасқан.
Бұған дейін Кубада да 5,3 балдық жер сілкінісі болған еді. Маусым айының басында осы өңірде магнитудасы 6,2 болатын бұдан да күшті дүмпулер тіркелді, бұл табиғи апаттар ел астанасы Гавана қаласында да сезілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу