VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан полицейі жүлдегер атанды

129

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы жүлделі нәтиже көрсетіп жатыр.  

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан полицейі жүлдегер атанды Фото: polisia.kz

Қырғыз күресінен 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ҚР ІІМ “Арлан” спорт клубының мүшесі, Ақмола облысы ПД ЖҚАЖ инспекторы Алмас Жұмағали II орын иеленіп, күміс жүлдеге қол жеткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аталған салмақ дәрежесінде 31 мемлекеттің спортшылары бақ сынады. Алмас Жұмағали жарыс барысында бес белдесу өткізіп, қарсыластарының барлығын жеңіп, финалға дейін жетті. Нәтижесінде ол жарыстың күміс жүлдегері атанды.

Қазақстан полицейінің бұл жетістігі – ел құрамасының халықаралық аренадағы жоғары нәтижелерінің бірі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу