Виктория Графеева Олимпиада чемпионын жеңіп, Әлем кубогын иеленді

127

Қазақстандық боксшы, әлем чемпионатының жүлдегері Виктория Графеева Қытайда өткен Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Виктория Графеева Олимпиада чемпионын жеңіп, Әлем кубогын иеленді Фото: boxingkazakhstan

60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз финалда Париж Олимпиадасының чемпионы, Тайпей өкілі Лин Юй-Тинмен кездесті. Алғашқы раунд қарсыластың пайдасына шешілгенімен, Виктория Графеева соңғы секундтарға дейін қайсарлық танытып, кездесуді 3:2 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы тактикалық тұрғыдан мықты өнер көрсетіп, шешуші сәттерде белсенділігімен көзге түсті.

Турнир жолында Виктория Графеева бірнеше мықты қарсыласты артта қалдырды:

Жартылай финал: Ситора Турдибекова – 4:1 есебімен жеңіс.
Ширек финал: Иеонжи Ох – 5:0 есебімен айқын басымдық.

Осылайша, Виктория Графеева жарысты сенімді түрде өткізіп, әлемдік деңгейдегі Олимпиада чемпионын финалда жеңіп, Әлем кубогының алтын медалін жеңіп алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу