"Реал Мадрид" командасы "Манчестер Сити клубын" 2:1 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасы аясында келесі кезеңге сенімді түрде өтті. Екі матчтың қорытындысы бойынша "корольдік клуб" қарсыласынан 5:1 есебімен басым түсті.
Кездесу қарқынды басталды. Алғашқы минуттарда-ақ екі команда да қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. Дегенмен есеп матчтың ортасына қарай ашылды. 20-минутта "Сити" ойыншысы Бернарду Силва қызыл қағаз алып, алаң иелері 10 ойыншымен қалды. Ал, 22-минутта қорғаушының қолмен ойнауынан кейін белгіленген пенальтиді бразилиялық шабуылшы Винисиус Жуниор мүлтіксіз орындап, қонақтарды алға шығарды.
Соған қарамастан, "Манчестер Сити" берілмей, бірінші таймның соңында есепті теңестірді. 41-минутта Эрлинг Холанд шабуылды сәтті аяқтап, таразы басын теңестірді. Екінші таймда да ағылшын клубы белсенділік танытқанымен, мадридтіктер қарсы шабуылдарға сенім артты.
Ойынның шешуші сәті матчтың соңында орын алды. 90+3 минутта Винисиус қарсы шабуылдардың бірінде тағы да дәлдік танытып, дубль авторы атанды. Дәл осы гол "Реал Мадридке" жеңіс сыйлап, оларды Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне шығарды.
Айта кетейік, бұл ойында қосалқы құрамнан 69-минутта Килиан Мбаппе алаңға шықты. Ол бір айға жуық алаңнан көрінбеген еді.
Биылға Чемпиондар лигасының финалы "Пушкаш Арена" стадионында өтеді. Шешуші кездесу 2026 жылдың 30 мамырына жоспарланған.