Власов үздік жас шабандоз атанды

1452

"Астана Про Тим" шабандозы бас классификация бойынша 5-орынға ие болды.

Власов үздік жас шабандоз атанды

Сан-Бенедетто-дель-Тронтода "Тиррено-Адриатико" көпкүндігі аяқталды. 8-кезең аясында велесебедшілер жазық аймақта ұзақтығы 10 шақырым болатын жекелей жарысты жүріп өтті. "Астана Про Тим" командасының шабандозы Александр Власов 8 кезең қорытындысы бойыншы жалпы есепте 5-орынға ие болды. Сонымен қатар ол "Тиррено-Адриатико" веложарысының үздік жас шабандозы атанып, ақ жейдеге ие болды.  

"Жарыста көрсеткен нәтижеме көңілім толады. "Тиррено-Адриатико" "Джиро д’Италияға" жақсы дайындық болды. Спорттық мансабымдағы алғашқы Гранд-Турға толықтай дайынмын. Якоб Фульсанг "Джирода" біздің көшбасшымыз болады. Үздік жас шабандоздың жейдесі үшін таласқа түсуге талпынып көремін. Мұнда мен 5-нәтижемен жарысты аяқтадым. Бұл жақсы көрсеткіш. Себебі бәсекелестік жоғары болды", - деді Александр Власов.

Саймон Йейтс италиялық көпкүндіктің жеңімпазы атанса, Герайнт Томас пен Рафал Майка жүлдегерлер қатарын толықтырды. Ал жарыстың соңғы 8-кезеңінде италиялық Филиппо Ганна жеңіске жетті.

Сонымен қатар "Астана" велокомандасы енді жоғары дәрежелі көпкүндіктердің бірі "Люксембург турында" бақ сынауда. Оған елордалық команда атынан Жандос Бижігітов, Лауренс де Вриз, Евгений Гидич, Дмитрий Груздев, Давиде Мартинелли және Вадим Пронскийлер қатысуда. Ал велошабандоздарға жарыста спорттық директорлардан Джузеппе Мартинелли мен Сергей Яковлев көмектеседі.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу