Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарын жеңіспен бастады

241

Ұлттық құрама келесі кездесуін 18 қыркүйекте өтеді.  

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарын жеңіспен бастады Фото: olympic.kz

Аичи-Нагоядағы ХХ Азия ойындарында волейболдан әйелдер арасындағы жарыс басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуінде Филиппин командасын жеңді.

В тобында өнер көрсетіп жатқан қазақстандық волейболшылар Филиппин құрамасын 3:1 есебімен ұтты. Ойын партиялары 27:29, 26:24, 25:23, 25:19 есебімен аяқталды.

Осы жеңістің арқасында Қазақстан құрамасы бірден ширек финалға жолдама алды.

Ұлттық құрама сапында Айгүл Мүлкібаева, Жанна Сыроешкина, Ирина Кузнецова, Кристина Белова, Маргарита Бельченко, Мадина Бекет, Наталья Хазова, Перизат Нұрбергенова, Полина Уфимцева, Татьяна Никитина, Татьяна Яцкив және Юлия Фоменко өнер көрсетіп жатыр.

Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 18 қыркүйекте Қытайға қарсы өткізеді. Қытай құрамасы бұған дейін Филиппинді 3:0 есебімен жеңген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу