Волейболшы Сабина Алтынбекова әрбір жаттықтырушыны мұқият тексеруді талап етті

417

Спортшының сөзінше, физикалық зорлық-зомбылыққа да, буллинг сияқты психологиялық қысым көрсетуге жол берілмеуі тиіс.

Волейболшы Сабина Алтынбекова әрбір жаттықтырушыны мұқият тексеруді талап етті Фото: sports.kz

Танымал спортшы Павлодарда өткен турнирдегі келеңсіз жайтқа қатысты өз пікірін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Жаттықтырушыларды мұқият тексеріп, олардың мінез-құлқы мен жұмыс істеу әдістеріне де баға беру қажет. Өкінішке қарай, волейболда кейбір жаттықтырушылардың бойынан қарапайым әдеп мәдениетінің өзін көре алмаймыз", – деді Сабина Алтынбекова.

Оның ойынша, федерация әрбір жаттықтырушыны мұқият тексеруі керек. Көптеген командаларда дәрігердің жоқтығын айтпағанда, психолог та жоқ.

"Бұл жағдай – жалпы жүйені қайта қарастыратын уақыт жеткенінің айқын белгісі!" – деді волейболшы.

Спортшы сөз еткен турнир Павлодар қаласында өткен. Жарыс кезінде шымкенттік команданың жаттықтырушысы ойыншыны ұрған.

Жаттықтырушы жарыстардан екі жылға шеттетілді, алайда қызметінен босатылған жоқ. Турнирді ұйымдастырушылар тиісті бақылау жүргізбегені үшін қатаң сөгіс алып, айыппұл төледі. Сонымен қатар, Шымкент волейбол академиясына да сөгіс берілді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу