Волонтерлер 7 жалпыұлттық жобаны жүзеге асырады

3843

Birgemiz атты республикалық фронт-кеңсе ашылды. 

Волонтерлер 7 жалпыұлттық жобаны жүзеге асырады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлердің Birgemiz атты республикалық фронт-кеңсесінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Шара шеңберінде Президент Қазақстандағы волонтерлар қозғалысының құрметті елшісі атанды. 

EХРО көрмесінің Art Hub павильонында орналасқан фронт-кеңсе Қазақстанның барлық волонтерлері үшін кеңес беру және оқыту орталығына айналады. Мұнда  волонтерлік жобалар мен оқыту бағдарламаларын үйлестіріліп, мониторинг жасалады. Сонымен қатар бірыңғай Call-орталықтың жұмысы басқарылады. 
Шара шеңберінде QQAZVOLUNTEER.KZ  онлайн платформасының қызметі мен Bilim, Qamqor, Úmit, Sabaqtastyq, Taza Álem және Saulyq, Аsyl mura сынды волонтерлардың 7 жалпыұлттық жобасы таныстырылды. 

Белгілі болғандай, волонтерлар жоғарыдағы жобаларды жүзеге асырып, ел азаматтарына қол ұшын береді. 
Нақтылайтын болсақ, Bilim жобасы бойынша ауылдық мектептердің жоғары сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындық, ағылшын тілі мен компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша волонтерлік көмек  ұйымдастырылады. Sabaqtastyq жобасы бойынша волонтерлер балалар үйлерінің  тәрбиеленушілеріне қамқорлық жасайды. Saulyq жобасы адамдарға медициналық көмек көрсетуге ықпал етуді, ал Taza Álem жобасы қоршаған ортаны қорғауды мақсат тұтады. Аsyl mura жобасы аясында волонтерлер мәдени-тарихи мұраның қорғалуы мен сақталуына атсалысады. Qamqor, жобасы шеңберінде еріктілер қарттар үйлеріндегі адамдарға қол ұшын созады. Ал Úmit жобасы арқылы волонтерлер хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздейді. Жоғарыдағы жобаларды жүзеге асыру аясында азаматтардың нақты жергілікті мәселелерді шешудегі талпынысын қолдау үшін 300 мың теңгеге дейін шағын грант бөлінеді. 

Естеріңізге салайық, былтыр тамыз айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2020 жыл – Волонтер жылы деп жарияланды. Бүгінгі таңда еліміздегі волонтерлар ұйым 50 мыңнан астам адамның басын біріктіріп отыр. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу