banner

Vote.atameken.kz сайтында 46 000 кәсіпкер дауыс берді

4619

Кәсіпкерлер палаталарының өңірлік кеңестеріндегi орындар үшін бизнес-қоғамдастықтың 1048 өкілі дауысқа түсуде.  

Vote.atameken.kz сайтында 46 000 кәсіпкер дауыс берді

Бұл туралы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары – басқарма мүшесі Эльдар Жұмағазиев facebook.com әлеуметтік желісінде жазды.

"Статистикаға сүйенсек, бір орынға орташа 2-3 адам үміткерлік танытуда. Республика бойынша өңірлік кеңестерге барлығы 456 адам іріктеледі. Дауыс беру 5 тамызда басталды. Сайлаудың бірінші күні 25 000-нан астам адам өз дауыстарын берді, бүгінде бұл көрсеткіш 46 000-ға дейін өсті.

Екінші күні Шымкент (7312 дауыс берген), Қарағанды (5169) бизнес-қоғамдастықтарының өкілдері белсенді түрде өз кандидаттарын таңдап, дауыс беру белсенділігі бойынша үздік үштікке Ақтөбе облысы (4389 өз кандидатына дауыс берген) қосылды", – деп жазды Эльдар Жұмағазиев.

Сондай-ақ ол дауыс беру смартфон арқылы қол жетімді әрі екі минуттан артық уақыт алмайтынын ескертті.

"Үміткерлер үшін онлайн режимде vote.atameken.kz сайтында дауыс беруге болады. Әрбір кәсіпкер, қауымдастық немесе өзін-өзі реттейтін ұйым өз аймағында сайлауға қатысып жатқан 1 үміткерге ғана дауыс бере алады.

Мұны СМС немесе ЭЦҚ (ЭЦП) арқылы жасауға болады. СМС тәсілі үшін ұйымның БСН/ЖСН (ИИН/БИН) енгізіп, дауыс берушінің телефон нөмірін көрсету арқылы, содан кейін телефонға келген СМС-кодты енгізу қажет. ЭЦҚ (ЭЦП) дауыс беру тәсілі үшін ұйымның кілтін таңдау жеткілікті", – дейді ол.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу