WADA бас директоры Оливер Неггли Астанаға келді

231

Қазақстан Орталық Азияда алғаш рет WADA-ның жоғары деңгейдегі жиындарын қабылдап отыр.

WADA бас директоры Оливер Неггли Астанаға келді Фото: tass.ru

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) бас директоры Оливер Неггли Астанаға келді. 22–27 қараша аралығында елордада ұйымның жоғары басқарушы органдары – Құрылтайшылар кеңесі мен Атқарушы комитетінің кездесулері өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жиын барысында қатысушылар Дүниежүзілік антидопинг кодексін іске асыру, таза спортты қорғау жүйесін дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылайды.

Айта кетейік, Құрылтайшылар кеңесі – WADA-ның жоғары басқарушы органы. Оның құрамына халықаралық спорт қозғалысы мен мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.

Қазақстан Орталық Азияда алғаш рет WADA-ның осындай жоғары деңгейдегі іс-шараларын қабылдап отыр. Оливер Неггли агенттікке 2016 жылдан бері басшылық етеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу