WhatsApp-чат арқылы 50 млн теңгеден астам залал келтірді

3934

Танымал мессенджерлерде жасалған касса түріндегі жобаларға сенбеу керек. Бұл – қаржы пирамидасының кең таралған түрі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

WhatsApp-чат арқылы 50 млн теңгеден астам залал келтірді

ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділовтің сөзіне сілтеме жасап. 

"Былтыр Қарағанды қаласының 44 жастағы тұрғыны WhatsApp мобильді қосымшасында "Ақша жаңбыры" деген чат ашып, адамдардан ақша жинай бастады. Чатқа қатысушыларға 2 есе мөлшерде пайда табуға уәде берілді. Бұл үшін банк картасына міндетті түрде ақша аудару талабы қойылды. Тергеу барысында жоғарыдағы чатқа еліміздің әр өңірінен 800-ден астам адамның мүше болғаны анықталды. Оларға 50 млн теңгеден астам залал келтірілді. Іс сотқа жіберілді", – деді Санжар Әділов.

Тергеу департаменті басшысының баяндауынша, халыққа БАҚ арқылы қаржы пирамидаларының әрекеті заңсыз екені туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Алайда адамдар қаржы пирамидаларымен байланысуын тоқтатпайды.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу