WTA рейтингі жаңартылды: Үздік үштіктің құрамы өзгерді

250

Әйелдер теннис қауымдастығы әлемдік рейтингті жаңартты.  

WTA рейтингі жаңартылды: Үздік үштіктің құрамы өзгерді Фото: usopen.com

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина көш басында қалғанымен, үздік үштікте өзгеріс бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бірінші орындағы Елена Рыбакина мен оны өкшелеп келе жатқан беларустік теннисші Арина Соболенко арасын 2 мыңнан сәл астам ұпай бөліп тұр.

Ал, бұған дейін үшінші орында болған Джессика Пегула (АҚШ) төртінші орынға сырғыды. Оны ресейлік жас теннисші Мирра Андреева ығыстырып отыр. Мирра Андреева бесіншіден бірден үшінші орынға көтерілген.

(1). Елена Рыбакина (Қазақстан) – 9696 ұпай

(2). Арина Соболенко (Беларусь) – 7550 қпай

(5). Мирра Андреева (Ресей) – 6371 ұпай

(3). Джессика Пегула (АҚШ) – 6225 ұпай 

(4). Кори Гауфф (АҚШ) – 5974

Қазақстанның екінші ракеткасы саналатын Юлия Путинцева болса үш сатыға жоғарылап, 79-орынға тұрақтады.

Қазақстан азаматтығын жуырда алған Соня Жиенбаева болса төрт сатыға көтеріліп, 387-орынға жайғасты. Жібек Құламбаевада да прогресс бар. Ол 486-дан 475-ші орынға дейін секірді.

Жұптық сында өнер көрсететін Анна Данилина бір сатыға төмендеп, жетінші орынға тұрақтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу