"Оман турының" көпкүндік жарысының шешуші таулы кезеңінде XDS Astana Team шабандоздары Кристиан Скарони мен Кристиан Родригес дубль жасады. Команда өкілдері кезеңде де, жалпы есепте де жеңіске жетті.
Ал Сауд Арабиясында өтіп жатқан Азия чемпионатының топтық жарысында XDS Astana Team спортшылары Евгений Федоров пен Хаоюй Су жоғары нәтиже көрсетті.
Евгений Федоров Қазақстан құрамасы сапында алтын медаль иеленіп, Азия чемпионы атанды. Ол жарыс барысында Қытай құрамасының өкілі, командаласы Хаоюй Сумен бірге шабуылға шығып, мәреде спринтте жеңіске жетті. Су екінші орын алды.
Сонымен қатар, топтық жарыста XDS Astana Team және Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Николя Винокуров төртінші орын иеленді.
Осы нәтижелердің арқасында XDS Astana Team Әлемдік турдың үшжылдық командалық рейтингінде 2488 ұпаймен көш бастады. Ал Сауд Арабиясының UAE Team Emirates командасы 2457 ұпаймен 2-орынға жайғасты. Аустралиялық Team Jayco AlUla велокомандасы 2100 ұпаймен үздік үштікті түйіндеп тұр.