XDS Astana Team велошабандозы Түркиядағы жарыста 2-орынға ие болды

269

Түркияда 60-шы "Президенттік тур" басталды. XDS Astana Team командасы көпкүндіктің алғашқы кезеңінде жақсы нәтиже көрсетті. 

 XDS Astana Team велошабандозы Түркиядағы жарыста 2-орынға ие болды Фото: XDS Astana Team

27 сәуірде Анталияда өткен 132 шақырымдық алғашқы кезеңде италиялық Маттео Малучелли 2-орынға ие болды.

Ол Alpecin-Deceuninck командасының бельгиялық велошабандозы Симон Дехейрске жол берді.

3-орынды тағы бір бельгиялық спортшы, Team Flanders-Baloise командасының өкілі Жюль Хестерс иеленді. 

Жарыстан кейінгі сұхбатында Малучелли турнирге қатысты пікір білдірді. 

"Сайысты жақсы бастадық. Әрине, жеңіске жеткеніміз жақсы болар еді. Бірақ, бастысы өзімді жақсы сезіндім, команда да тамаша жұмыс істеді. Алда бізді жаңа мүмкіндіктер күтеді", – деді жарыстан соң елордалық команданың велошабандозы Маттео Малучели. 

Жалпы классификацияда бірінші кезеңнен кейін Дехейрс көш бастап тұр. Ол Малучеллиден 4 секунд алда келеді.

Бүгін, 28 сәуірде көпкүндік жарыстың екінші кезеңі таулы аймақта өтеді. Жарыс жолының ұзақтығы 167 шақырымды құрайды. Мұндай ұзақ қашықтық велошабандоздар үшін үлкен сынақ болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу