Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасының сапынан 558 спортшы бақ сынайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазақстандық спортшылар жарыс бағдарламасына енгізілген 43 спорт түрінің 35-і бойынша жүлдеге таласады.
Жазғы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты 19 қыркүйек күні Nagoya City Mizuho Park Athletic Stadium стадионында өтеді. Салтанатты шара Қазақстан уақытымен сағат 14:00-де басталады.
Құрлықтық додаға Азияның 45 елінен шамамен 15 мың спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Жарыс бағдарламасы бойынша 469 медальдар жиынтығы сарапқа салынады.
XX жазғы Азия ойындары Жапонияның 53 спорт нысанында ұйымдастырылады.
Жарыстар Аити префектурасы мен Нагоя қаласынан бөлек, Токио және Осака қалаларында, сондай-ақ Сидзуока мен Гифу префектураларында өтеді.