Ян Вороговский: "Біз барымызды салып, ел үшін күресеміз"

1406

Ян Вороговский қазіргі таңда бельгиялық "Беерсхот" командасында өнер көрсетеді.

Ян Вороговский: "Біз барымызды салып, ел үшін күресеміз"

Қазақстан ұлттық құрамасы мен бельгиялық "Беерсхот" клубының қорғаушысы Ян Вороговский 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Франция құрамасымен болатын матч туралы пікірімен бөлісті.

- Біз дайындалып жатырмыз. Барлығы біздің Әлем чемпиондарымен, кіл мықтыларға қарсы ойнайтынымызды біледі. Бұл өзімізді көрсетудің тамаша мүмкіндігі. Біз барымызды саламыз және ел үшін күресеміз. Жанкүйерлерді жерге қаратпай, өз туымыз үшін алаңда барымызды салып күресеміз.

- Франция - Украина матчын көрдіңіз бе?

- Бұл матчтың шолуын міндетті түрде қарап шығамыз. Бапкерлер құрамы ойынды талдайды.

- Франция құрамасының ойыншыларынан сізге кім ұнайды?

- Оларда көптеген жұлдызды ойыншылар бар. Команда тек танымал футболшылардан құралған.

- Ұлттық құрамаға көптеген жас ойыншылар шақыртылды. Олардың ойынына қандай баға бересіз?

- Иә, көптеген жастар қосылды. Олардан көздерінің жалындап тұрғанын байқауға болады. Барлығы жақсы жігіттер. Әсіресе, Тимур Рудосельский өзін өте жақсы көрсетуде. Сондықтан барлығы жеңіс үшін таласуға дайын.

- Матч көрерменсіз өтеді. Бұл сізге қаншалықты әсер етуі мүмкін?

- Осындай командаға қарсы матчта жанкүйерлеріміздің болмағаны өкінішті. Жанкүйерлеріміздің қолдауы біз үшін үлкен көмек болар еді деп ойлаймын. Бірақ матчты көгілдір экраннан тамашалайтын жанкүйерлердің қолдауын сезінетінімізге сенімдімін.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу