Янник Синнер Уимблдонның чемпионы атанды

260

Синнер Уимблдонда чемпион атанған алғашқы италиялық теннисші. 

Янник Синнер Уимблдонның чемпионы атанды Фото: eurosport.it

Янник Синнер мансабындағы жаңа тарихи межені бағындырды. Ол Уимблдон-2025 турнирінің финалында испаниялық Карлос Алькарасты төрт сетте ұтып, алғаш рет аталмыш жарыстың чемпионы атанды. Есеп – 4:6, 6:4, 6:4, 6:4.

Бұл Синнер үшін "Үлкен дулыға" сериясындағы төртінші титул. Чемпиондықпен қатар ол 3 миллион 510 мың еуро көлемінде сыйақы алып, ATP рейтингінде 2000 ұпайға ие болды.

Ал Карлос Алькарас бұл жолы 2-орынмен шектелді. Ол турнирден 1 миллион 778 мың 400 еуро табыс тауып, 1300 рейтингтік ұпаймен шектелді.

Айта кетейік, Алькарас Уимблдонда соңғы екі жыл қатарынан жеңіске жеткен болатын. Өткен жылы ол финалда Новак Джоковичті ұтқан еді – 6:2, 6:2, 7:6. 2023 жылғы турнирде де Алькарас қарсылас шақ келтірмей, титулды еншілеген. Биылғы жарыста қатарынан үшінші жеңісті көздегенімен, оны Синнер тоқтатты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу