Отандасымыз әйелдер арасындағы марафондық спорттық жүрісте мәреге бірінші болып жетіп, қашықтықты 3 сағат 22 минут 20 секундта бағындырды.
Ясмина Тоқсанбаева жарысты сенімді өткізіп, ең жақын қарсыласын шамамен 4 минутқа басып озды.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер қатарында:
- Ясмина Тоқсанбаева (Қазақстан) – 3:22:20
- Даньцзэн Цюйцзун (Қытай) – 3:26:09
- Ма Ли (Қытай) – 3:32:26
21 жастағы Ясмина Тоқсанбаева бұған дейін де халықаралық жарыстарда жүлдеге іліккен. Ол 2025 жылы 20 шақырымдық спорттық жүрістен Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленсе, 2026 жылы Жапонияда өткен Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу