Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Аустралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің бірінші айналымында әлемдік рейтингте 93-орында тұрған Далма Галфиге қарсы ойнап, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Келесі айналымда ол әлемнің 15-ракеткасы, америкалық Эмма Наварромен кездеседі.
Матч 14 қаңтар күні, 1-кортта, Қазақстан уақытымен 10:40-та басталады.
Айта кетейік, Юлия Путинцева турнирдің негізгі кезеңіне іріктеу сынынан сәтті өтіп, жолдама алған болатын.
Аделаидада өтіп жатқан жарыс 17 қаңтарға дейін жалғасады. Турнирдің жалпы жүлде қоры 1,2 миллион АҚШ долларынан асады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу