Юлия Путинцева Istanbul Open турнирінің екінші айналымына шықты

1344

18 сәуір күні Түркияның Стамбул қаласында басталған жарыс 24 сәуірге дейін жалғасады. Турнирдің жалпы жүлде қоры 250 мың АҚШ долларын құрайды.

Юлия Путинцева Istanbul Open турнирінің екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші бірінші ойында польшалық Магда Линеттті жеңді. Екі сағаттан астам уақытқа созылған матч 7:6 (8:6), 6:4 есебімен аяқталды. Путинцева допты ойынға қосу барысында бір рет қиыс кетіп, бір рет қос қателік жасап, тоғыз брейк-пойнттың бесеуін сәтті орындады. Екінші айналымда Путинцева швециялық Ребекка Петерсонға қарсы шығады. 1/8 финалдық матч бүгін Стамбулдағы орталық кортта елорда уақытымен 17:15-те өтеді.

Путинцева мен Петерсон осы уақтқа дейін бес рет кездесіп, жеке кездесулерде Юлия көш бастап тұр – 3:2. Ең қызығы, алғашқы екі кездесу 26 жастағы Петерсон жеңіске жеткенімен, соңғы үш кездесуде Путинцева қарсыласынан мықтырақ болды. Теннисшілер соңғы рет өткен жылдың қазан айында Нұр-Сұлтандағы турнирде ойнаған. Жартылай финалда Юлия 6:2, 6:4 жеңіске жеткен болатын.

Тағы бір қазақстандық теннисші, әлемнің 33-ші ракеткасы Александр Бублик Барселонада өтіп жатқан турнирдің екінші кезеңінде ATP рейтингінің 73-ші сатысында тұрған финляндиялық Эмиль Руусувуориден 3:6, 1:6 есебімен жеңіліп қалды. Бублик бұған дейін осы турнирде жұптық сайыс бойынша жеңіліс тауып, бірінші айналымнан әрі аса алмаған еді.

Дмитрий Попко осы күндері Чехия астанасы Прагада өтіп жатқан ерлер арасындағы Челленджер турнирінің жұптық сайысында алғашқы кездесуін өткізді. Тайвандық теннисші Цзен Цмнпен бірге Попко француздар Тристан Ламазин – Лукас Пуиль дуэтінен екі сетте 1:6, 4:6 есебімен жеңілді. Ойын бір сағат сегіз минутқа созылды.

Ал Андрей Голубев 20 сәуірде Белградтағы (Сербия) турнирде дебюттік кездесуін өткізді. Француз теннисшісі Фабрис Мартинмен бірге Голубев үш сетте шведциялық-жапониялық жұп Андре Горансо Бен Маклахланнан жеңілді. Жалпы ойын 5:7, 6:1, 9:11 есебімен аяқталды. Кездесу 1 сағат 30 минутқа созылды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу