Юлия Путинцева жұптық сында Charleston Open турнирінің жартылай финалына шықты

176

Қазақстандық теннисші жұптық сында сәтті өнер көрсетуде. 

Юлия Путинцева жұптық сында Charleston Open турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ-тың Чарльстон қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жұптық сынында жартылай финалға шықты. Италиялық Элизабетта Кончареттомен бірге Юлия Путинцева ширек финалда грузиялық Екатерина Горгодзе мен мексикалық Рената Сарасуаданы жеңді.

Алғашқы сет Горгодзе мен Сарасуаның пайдасына 6:3 есебімен аяқталды. Екінші партияда Путинцева мен оның серіктесі басым түссе, шешуші сет қазақстандық-италиялық жұптың жеңісімен аяқталды. Қорытынды есеп 3:6, 7:5, 10:7. 

Енді финалға шығу үшін Путинцева мен Кончаретто америкалық Дезире Кравчик пен Кэти Макнеллиге қарсы ойнайды. Кездесу 4 сәуірде өтеді. 

Чарльстондағы турнирдің жүлде қоры 2,3 миллион долларды құрайды. Жеңімпаз қомақты сыйақы алып, 500 рейтингтік ұпай еншілейді. 

Айта кетейік, аталмыш турнирде Юлия Путинцева жекелей сында да өнер көрсетті. Дегенмен теннисшіміз 1 сәуірде өткен 1/16 финалда америкалық Джессика Пегулаға 6:4, 4:6, 7:5 есебімен жол берді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу