Юлия Якупбаева Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығын басқарады

Данил Тумашевич Данил Тумашевич
2215

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мүшелері жалпы жиналыста жаңа басшыны тағайындады.

Юлия Якупбаева Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығын басқарады

ҚҚҚ мүшелерінің жалпы жиналысында Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы міндетін атқарушы ретінде Юлия Якупбаева бірауыздан сайланды. ҚҚҚ мүшелері Мағжан Әуезовтің Forte Bank басқармасының төрағасы қызметіне тағайындалуына орай Кеңес төрағасы ретінде өкілеттігін тоқтатуға дауыс берді. Қауымдастықтың тоғыз жылдық тарихында Юлия Якупбаева ҚҚҚ Кеңесін басқаруға тағайындалған тұңғыш әйел. "Юлия Константиновнаның тәжірибесі мол, еліміздің қаржы саласында кеңінен танымал және қазіргі уақытта қаржы нарығы алдында тұрған мәселелерді шеше алады", – деп Юлия Якупбаеваның сайлануына Мағжан Әуезов түсініктеме берді.

Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Қадыржан Дамитов болса Юлия Якупбаеваның Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы басшысы ретінде тағайындалғанына қуанышты екенін айта отырып, оның кандидатурасы тек кәсіби кандидатура ғана емес, сонымен бірге Қаржыгерлер қауымдасытығында және Кәсіпкерлердің ұлттық палатасында жұмыс істеген тәжірибесі бар екенін айтты.

Юлия Якупбаева жаңа жұмысын қазіргі атқарып отырған "Атамекен" КҰП басқармасының мүшесі қызметімен қатар алып жүреді. Юлия Якупбаева "Атамекен" КҰП басқармасының мүшесі ретінде банк секторы, құнды қағаздар нарығы, сақтандыру, мемлекет иелігінен алу, МЖӘ жекешелендіру және дамыту, кәсіпкерлерді қаржылық қолдау, тариф белгілеу және бәсекелестік мәселесін қарастырады.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығына банк, сақтандыру компанияларын, құнды қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар, лизингтік компаниялар, шағын қаржы ұйымдары, тексеру және консалтигтік компанияларды қоса алғанда 158 ұйым кіреді. ҚҚҚ "Атамекен" КҰП басқармасында, қаржы секторының мүддесін нығайтатын экономикалық министрліктерде және мекемелерде тіркелген.

Данил Тумашевич

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу