Юрий Михайлис: "АҚШ құрамасымен өткен кездесу біз үшін тәжірибе болды"

1262

Латвия мен әлем чемпиондары Финляндия құрамасын жеңіп, сенсация жасаған Михайлис шәкірттері үшінші кездесуде АҚШ-тан 3:0 есебімен жеңілді.

Юрий Михайлис: "АҚШ құрамасымен өткен кездесу біз үшін тәжірибе болды"

АҚШ-пен матчқа Юрий Михайлис топтар үйлесімін өзгертті. Бастапқы шабуылшылар үштігінде Старченкомен бірге Панюков пен Шевченко шықты. Шин мен Рымарев үшінші құрамда Шестаковпен бірге шықты. Ойыннан аластатылған Сведбергтің орнына матчқа Валерий Орехов араласты. Бұл матч қорғаушының дебюттік ойыны болды.

Қарсыластың хоккейшілері алғашқы минуттан-ақ ойынды жоғары қарқынмен бастап, шайбаға иелік етті. Жылдам ауысып, қарсы аймаққа кіріп, соққылар бағыттап отырды. Америкалықтар матчтың 7-минутында есеп ашты. Голдың авторы – Адам Кленденинг. Диц аластатылғаннан кейін Бояркиннің қақпасының алдында жойқын тартыстар болды, алайда қазақстандық қақпашы төтеп берді. Бірінші кезеңде америкалықтар 8 соққыға қарсы 25 соққы жіберді. АҚШ хоккейшілері әрі қарай тықсырып, екінші кезеңнің 2-минутында есепті еселеді. Біздің команданың көпшілік құрамда оңтайлы сәттері болды, алайда жүзеге аспады. Үшінші кезеңде есеп 3:0 болып, АҚШ-тың пайдасына шешілді: Джек Друри көк сызықтан салды. Нәтиже – 3:0, жеңіс АҚШ-тікі. Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Кездесу аяқталған баспасөз конференциясы өтіп, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Михайлис ойынға қатысты өз пікірін білдірді.

"Мұндай командаға қарсы ойнау біз үшін үлкен тәжірибе. Кейбір сәттерде біз үлгермей қалдық. Қарсыластарымызға кездесудің басым бөлігі өз аймағымызда жүруге мүмкіндік бердік. Біздің команда үшін бірнеше мәрте гол салуға мүмкіндіктер болды. Қарсылас команданың ойыны бізге сабақ болды. Келесі кездесулерде қателіктерімізді түзетуге тырысамыз", - деді Юрий Михайлис.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы келесі матчты бүгін, 26 мамырда, топ көшбасшылары Германия құрамасына қарсы өткізеді. Михайлис шәкірттері АҚШ-тан жеңілгеннен кейін де турнирдің плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін сақтап қалды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу