Юрий Михайлис: "Қорғаныста өте нашар ойнадық"

1549

"Барыс" Скабелканың командасына ірі есеппен жеңілгеннен кейін елордалық клубтың бас жаттықтырушысы ойынға қатысты өз пікірін білдірді.

Юрий Михайлис: "Қорғаныста өте нашар ойнадық"

Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатының кезекті матчында "Барыс" Ярославльда жергілікті "Локомотивтен" 2:7 есебімен жеңіліп қалды. Елордалық клуб хоккейшілерінен гол соққандар Диллон Хетерингтон мен Виктор Сведберг болды. Ал, соңғы нәтижелі пасты Максим Мусоров Хетерингтонға шығарып берді. Осылайша, қазақстандық команданың лигадағы жеңістер сериясы үзілді. "Локомотив" - "Барыс" командаларының арасында өткен (7: 2) матчтан кейін бас бапкерлер мен екі команданың хоккейшілерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

"Алғашқы кезең тартысты өтті. Голдар соғылды. Біз жекпе-жектен ұтылдық. Қорғаныста өте нашар ойнадық. Екінші және үшінші кезеңде команда айдынға жігерленіп шықты. Қарсыластарымызбен тең дәрежеде ойнадық. Егер Старченко гол соққан болса, есеп 3-2 болып кетер еді. Мүмкін сол уақытта команда бар ынтасымен ойнар еді. Есепті теңестіруге мүмкіндік болды", - деді "Барыс" ХК бас жаттықтырушысы Юрий Михайлис.

"Командаға алғысымды білдіремін. Матч жақсы өтті. Ойын алдында қорқыныш болды. Себебі ұзақ уақыт үзілістен кейін кездесу өткізіп отырмыз. Біз көптен бері ойнамадық. Жігіттер бүгін айдынға жігерленіп шықты. Жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Әрине, бұл мен үшін жәй матч емес еді. Біз "Барыста" жаттықтырушылар құрамымен жақсы кезеңдерді бірге өткіздік. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен Нұр-Сұлтанның барлық жанкүйерлеріне сәлем жолдаймын. Кетерімде бұл сөздерді айтуға уақыт болмады. Сәттілік тілеймін!", - деді "Локомотив" ХК бас бапкері Андрей Скабелка.

Локомотив – Барыс – 7:2 (3:1, 3:0, 1:1)
1:0 Охтамаа 0:11
2:0 Аверин (Алексеев) 4:04
2:1 Сведберг (Вароне, Фрэттин) 14:42
3:1 Петерссон 18:00
4:1 Петерссон (Марченко, Алексеев) 31:14 ГБ
5:1 Алексеев (Аверин, Кудрявцев) 32:43
6:1 Коршков (Охтамаа) 33:49
7:1 Ткачёв (Рафиков) 44:53
7:2 Хетерингтон (Мусоров) 52:26

Кездесуден кейін "Барыс" Нижнекамскке аттанды. Бейсенбіде елордалық хокей клубы жергілікті "Нефтехимикпен" ойнайды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу