Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында грек-рим күресінен 97 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Юсуф Мациев Әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды.
1/8 белдесуінде Юсуф Жапон балуаны Кио Китауакиді 2:1 есебімен ұтты. 1/4 кездесуінде балуанымыз Армения балуаны Аршак Гегамянмен күресіп 4:0 есебімен ұтып жартылай финалға өткен болатын. Ал, 1/2 Ресей балуаны Максим Аверинді 9:1 есебімен айқын басымдылықпен жеңіп, Әлем біріншілігінің финалына жолдама алды. Финалда спортшымыз Украина өкілі Егор Якушенкоға есе жіберді. Есеп 6:1.
Айта кетейік, украиналық балуан бұған дейін 20 жасқа дейінгі әлем чемпионы және 23 жасқа дейінгі Еуропа чемпионы атанған.