Зайнутдинов "Бешикташқа" ауыса ма?

609

Transfermarket порталы Зайнутдиновтың нарықтық құнын алты миллион еуроға бағалап отыр.

Зайнутдинов "Бешикташқа" ауыса ма?

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының және Мәскеудің ЦСКА клубының жартылай қорғаушысы Бахтиёр Зайнутдинов "Бешикташқа" ауысуға жақын. Ыстамбұл клубы 25 жастағы футболшының трансфері бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.

Haber басылымының хабарлауынша, "Бешикташ" ЦСКА-мен келісімге келуге жақын. Мәміле сомасы үш миллион еуроға жетуі мүмкін (бұдан бөлек қосымша бонустар бар). Түркияға көшкен жағдайда ойыншы Қазақстан азаматы болғандықтан, "Бешикташ" сапында легионер болып саналмайды. Жаңа маусымнан бастап Түркия футбол федерациясы түркі текті футболшыларға жергілікті футболшылармен бірдей мәртебе берді.

Бұған дейін "Бешикташ" ЦСКА-ға Зайнутдиновтың трансфері үшін үш миллион еуро және бонус ретінде тағы үш миллион еуро ұсынған. Мәскеу клубы бірден алты миллион еуро талап етіп отыр. Зайнутдиновтың ЦСКА-мен келісім шарты 2025 жылдың маусымына дейін. Мәскеулік клуб ойыншыны 2020 жылы Ростовтан екі миллион еуроға сатып алған. Ал қазіргі таңда Transfermarkt порталы оның нарықтық құнын алты миллион еуроға бағалап отыр.

Ресей премьер-лигасының биылғы маусымында қазақстандық футболшы ЦСКА сапында 21 матч өткізіп, бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Ресей (2023) кубогының иегері атанды. Бұған дейін ойыншыға италиялық "Аталанта" мен "Торино" клубтары да қызығушылық танытқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу