Заң құрылыс компанияларын емес, адамдарды қорғауы керек – Асхат Аймағамбетов

496

Депутаттар ұсынған маңызды түзетулердің дені қабылданбаған.  

Заң құрылыс компанияларын емес, адамдарды қорғауы керек – Асхат Аймағамбетов Фото: kazpravda.kz

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Құрылыс кодексінің жобасын қазіргі күйінде қабылдауға болмайтынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өкінішке қарай, Құрылыс кодексінің жобасына берген біздің маңызды түзетулеріміздің басым бөлігі қабылданған жоқ. Алда небәрі бірнеше жұмыс тобы ғана қалды, уақыт өте аз", – деді Асхат Аймағамбетов Telegram-дағы парақшасында.

Мәжіліс депутаты әр азамат үшін қажет мәселелер туралы айтып отырғанын баса айтты:

  • мектептер мен балабақшалар тұрғын үйлерден кейін емес, бірге салынуы тиіс;
  • геологиялық зерттеулер шынайы болуы керек, "сатып алынған" жалған қорытындылар емес;
  • мектеп пен ауруханаға арналған жерді қорғау, олардың орнына түнгі клуб немесе дүкен салуға жол бермеу;
  • құрылысшылардың нақты жауапкершілігі болуы тиіс, қағаз жүзіндегі жалған меморандумдар емес;
  • әлеуметтік нысандарды қабылдау комиссияларына қоғам өкілдері қатысуы тиіс;
  • сапасыз құрылыс үшін нақты және қатаң айыппұлдар мен жауапкершілік енгізілуі қажет.

Асхат Аймағамбетов осы күйінде, бұл нормаларсыз Кодексті қабылдауға болмайтынын баса айтты.

"Заң адамдарды қорғауы керек, құрылыс компанияларын емес. Елде құрылыс компанияларының мүддесін қорғайтындар тым көп сияқты", – деп жазды ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу