Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында әлемнің үздік 25 теннисшісінің қатарына енді

325

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жасөспірімдер арасындағы жаңартылған рейтингті жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында әлемнің үздік 25 теннисшісінің қатарына енді Фото: qazsporttv

Биыл АҚШ ашық чемпионатында азулы қарсыластарын жеңіп, алғаш рет жартылай финалға шыққан Заңғар Нұрланұлы рейтингте үлкен секіріс жасады.

Бұрын 54-орында тұрған ол енді бірден 29 сатыға көтеріліп, әлемнің үздік 25 теннисшісінің қатарына енді.

Тағы бір қазақстандық Әмір Омарханов өз орнын сақтап, 28-ші сатыда тұрса, Дамир Жалғасбай ТОП-50-ге жақындап келеді, қазір ол 65-орында. Ал Даниэль Тазабеков 122-орында орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу