Заңғар Нұрланұлы Аустралиядағы турнирдің үшінші кезеңіне жолдама алды

134

Жасөспірімдер арасындағы Аустралия ашық чемпионатына дайындық барысында Заңғар Нұрланұлы Александр Бубликпен бірге жаттығу жұмыстарын өткізген болатын.

Заңғар Нұрланұлы Аустралиядағы турнирдің үшінші кезеңіне жолдама алды Фото: ҚТФ

18 жасқа дейінгі Қазақстанның бірінші ракеткасы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы Аустралия ашық чемпионатының үшінші кезеңіне жолдама алды.

Тартысты өткен кездесуде Заңғар аустралиялық жас теннисші Таики Такизаваны 7:5, 1:6, 6:3 есебімен жеңді.

Ширек финалға шығу үшін қазақстандық теннисші 28 қаңтар күні әлемдік жасөспірімдер рейтингінде 13-орында тұрған Сава Рыбкинмен кортқа шығады.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Заңғар Нұрланұлы бұл турнирде тағы бір қазақстандық жас теннисші Дамир Жалғасбаймен бірге жұптық сында Кисимов Димитар – Доиг Коннар жұбына қарсы өнер көрсетіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу