Заңғар Нұрланұлы Australian Open турнирінің финалына шыға алмады

202

Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінің жартылай финалында өнер көрсетіп, финалға жолдама ала алмады. 

Заңғар Нұрланұлы Australian Open турнирінің финалына шыға алмады Фото: ҚТФ

Ол бұл кезеңге шыққан тұңғыш қазақстандық теннисші ретінде ел тарихында қалды.

Жартылай финалда Заңғар Нұрланұлы америкалық Китон Хэнспен кездесті. Тартысты өткен матчта қазақстандық спортшы қарсыласына екі сетте – 3:6, 2:6 есебімен жол берді.

Жеңіліске қарамастан, Заңғар Нұрланұлы Қазақстан теннисі тарихында маңызды белесті бағындырды. Ол жекелей сында Juniors Australian Open турнирінің жартылай финалына шыққан алғашқы қазақстандық атанды.

Айта кетейік, өткен жылы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы US Open турнирінде де жартылай финалға дейін жеткен болатын.

Ал жасөспірімдер арасындағы Австралияның ашық чемпионатының финалына америкалық Китон Хэнс жолдама алды. 1 ақпанда өтетін шешуші матчта ол словениялық Зиго Сескамен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу