Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді.
ITF Juniors рейтингісінде 54-орында тұрған Заңғар екінші айналымда әлемнің жасөспірімдер арасында 13-ракеткасы, Польша өкілі, 18 жастағы Алан Важнымен кездесті.
Алан Важны ересектер арасында ATP рейтингісінде 1750-сатыда тұр. Соған қарамастан, Заңғар қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Тартысты бәсеке бір жарым сағаттан астам уақытқа созылды.
Заңғар Нұрланұлы ширек финалға шығу үшін ITF Juniors рейтингісінде 8-орында тұрған финляндиялық Оскари Полданиуспен ойнайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу