Үкіметтің мәліметінше, Арнаулы мемлекеттік қордан Абай облысына денсаулық сақтау жобаларына 5,6 млрд теңге бөлінді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қаражат өңірдегі медициналық инфрақұрылымды жақсартуға және қызмет сапасын арттыруға бағытталмақ.
Атап айтқанда, Үржар ауданында көпсалалы орталық ауруханаға қосымша корпус салынып, заманауи медициналық техника орнатылады. Ал Аягөз қаласында жаңа корпуспен бірге магниттік-резонанстық томограф әкелінеді. Екі нысан да биыл іске қосылады деп жоспарланып отыр.
Бұл жобалар өңір тұрғындарын сапалы әрі уақтылы медициналық қызметпен қамтуды кеңейтуге мүмкіндік береді.
Бұған дейін Арнаулы мемлекеттік қор есебінен Семейде 100 орындық медициналық-әлеуметтік психоневрология мекемесінің құрылысына 2,6 млрд теңге бөлінген болатын.