Зарина Дияс Жапонияда өткен турнирдің чемпионы атанды

167

Турнирдің жүлде қоры 40 000 АҚШ долларын құрайды.

Зарина Дияс Жапонияда өткен турнирдің чемпионы атанды

Қазақстандық теннистің мақтанышы Зарина Дияс үлкен спорттағы үзілістен кейін бұрынғы бабына қайта оралып келеді. Жапонияның Куруме қаласында өткен ITF W50 санатындағы беделді турнирде Зарина өз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеп, чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Финалда жергілікті жанкүйерлердің үмітін арқалаған 27 жастағы Аяно Шумицуға қарсы кортқа шыққан Дияс 6:4, 6:3 есебімен айқын басымдық танытты.

Әлемдік рейтингте 318-орында тұрған Зарина 288-ші ракетка иесін еш қиындықсыз жеңіп, кезекті рет өз есімін халықаралық аренада асқақтатты.

Естеріңізге сала кетейік, Зарина соңғы жылдары ауыр жарақат алып, спорттан алыстап қалған еді. Екі жылға созылған үзілістен соң кортқа оралған спортшы екінші мәрте ITF турнирін жеңіп отыр. Бұл жеңіс тек кәсіби триумф қана емес, сонымен қатар қайсарлықтың, табандылықтың, спортқа деген адалдықтың үлгісі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу