Зарина Дияс Жапониядағы жарысты жеңіспен бастады

272

Кездесу 1 сағат 4 минутқа созылды.

Зарина Дияс Жапониядағы жарысты жеңіспен бастады Фото: Instagram.com/zarinadiyas/

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Куруме (Жапония) ITF W50 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін рейтингіде 959-орында тұрған жапониялық, 22 жастағы Киса Ёсиокумен өткізді.

Бірінші сетте Зарина 6:4 есебімен басым түссе, екінші сетте қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.

Зарина Дияс ширек финалға шығу үшін тағы бір жапониялық, рейтингіде 875-сатыдағы Лиза-Мария Риумен таласады.

Жүлде қоры 40 мың долларға бағаланған Куруме додасы 18 мамырда мәресіне жетіп, жеңімпаз анықталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу