Зейнетақы жинағын жеке компаниялардың басқаруына бергісі келетіндер нені білуі керек?

Салымшыға 11 кеңес.  

Зейнетақы  жинағын жеке компаниялардың басқаруына бергісі келетіндер нені білуі керек?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында жеке компанияларда зейнетақы жинағы қалай басқарылатыны туралы материал жарияланды. Материал авторлары зейнетақы шотында біржолғы зейнетақы төлемін алуға мүмкіндігі бар азаматтар ескеруге тиіс 11 сауалға жауап берген. Inbusiness.kz сол ережелерді оқырман назарына ықшамдап ұсынады.

 1. Зейнетақы жинақтарын жеке басқарушы компаниялардың сенімгерлік басқаруына кімдер бере алады?

 - Зейнетақы жасына жетпеген және "ең төмен жеткіліктілік шегінен" асатын зейнетақы жинақтары бар адамдар;

 - Зейнетақы жинағын жеке сақтандыру компанияларына тапсырған салымшылар қолдана алады.

2. Жеке компанияның сенімгерлік басқаруына берілген зейнетақы активін Ұлттық банктің басқаруына кейін қайтаруға бола ма?

БЖЗҚ салымшылары жинақтарын басқа компанияға аударуға да, оны Ұлттық  банктің басқаруына қайтаруға да хақылы. Бірақ жеке компанияның басқаруына өткен ақшаны Ұлттық  банкке екі жыл өткеннен кейін ғана қайтаруға болады. Ал бір басқарушы компаниядан басқасына аудару мүмкіндігі жылына бір-ақ рет беріледі.   

3.Салымшы жеке компанияның басқаруына аударылған жинағын шеше ала ма?

Әрине, жоқ. Жеке басқарушы компаниялардың сенімгерлік басқаруына берілетін зейнетақы активтері зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінде сақталады.  Тек зейнеткерлік жасқа жеткен кезде ғана кесте бойынша төлене бастайды. Немесе тұрғын үй жағдайын жақсартып, емделу үшін жұмсауға болады.

4. Сенімгерлік басқару қызметін ұсынушы компания инфляциялық кепілдік бере ме?

Салымшы, өзінің зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру арқылы инвестциялық портфельді басқарушыны және  ивнестициялық стратегияның тәуекелдерін қабылдайды. Осыған байланысты, мемлекеттің зейнетақы жинақтарын сақтау кепілдігі сенімгерлік басқаруға өткен актив кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету кепілдігіне ауыстырылады.

Кірістіліктің ең төменгі деңгейі сенімгерлік басқаруға берілген зейнетақы активтерінің орташа кірістілігінен есептеледі. Бұл шама ай сайын есептеліп,  Ұлттық банктің ресми интернет-ресурсында жарияланады.

5. Қаражатты басқарушы компанияға берген кезде табыс салығы салына ма?

Жоқ. Салымшының зейнетақы жинақтарының бір бөлігін жеке компанияның басқаруына аударуы біржолғы зейнетақы төлемін алу опепрациясы болып саналмайды. Себебі зейнетақы жинақтары жеке басқаруға берілгенімен, БЖЗҚ жүйесінде қалады. Сондықтан оған табыс салығы салынбайды.

6. Жеке басқарушы компаниялар салымшылардың зейнетақы жинақтарын қайда салады? Олардың инвестициялық саясатына қандай да бір шектеулер бар ма?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі зейнетақы активтерінің  кредиттік сапасын ескере отырып, жеке басқарушы компаниялар инвестициялай алатын қаржы құралдарының тізбесін айқындаған. Тізбеге Қазақстанның және шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары, қазақстандық және шетелдік ұйымдар шығарған үлестік немесе борыштық мемлекеттік емес бағалы қағаздар, ҚР екінші деңгейлі  банктеріндегі және бейрезидент-банктердегі салымдар кіріп отыр. Портфельдер әртарапты болуы  үшін зейнетақы активтерін қаржы құралдарына инвестициялаудың лимиттері белгіленген.

8. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлікпен басқаруға рұқсат алған компанияларды қайдан табуға болады?

Бұл талапқа жауап беретін компаниялардың тізімі Агенттіктің ресми интернет-ресурсында жарияланып, ай сайын жаңартылып отырады.

9. Жеке компаниялардың сенімгерлік басқару қызметі үшін алатын комиссиялық сыйақысы қанша?

"Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңның 53-бабы бойынша, инвестициялық портфельді басқарушының комиссиялық сыйақысы алынған инвестициялық кірістің 7,5%-ынан аспау керек. Оның нақты мөлшері инвестициялық портфельді  басқарушы мен БЖЗҚ арасында жасалған шартта наөты көрсетіледі.

10. Салымшы мен жеке басқарушы компания арасында дау туындаған жағдайда салымшылардың мүддесін кім қорғайды?

Зейнетақы активтерін басқарушы компаниялар мен БЖЗҚ арасында жасалатын шарттың үлгісін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бекітеді.

Сол шарт бойынша салымшылардың мүдделерін БЖЗҚ қорғайды. Ұлттық Банк пен Агенттік те өз құзыреті шегінде салымшылардың мүдделерін қорғайды.

11. Басқарушы компания лицензиясынан айырылса немесе таратылған жағдайда  салымшылардың активтері қайтарыла ма?

Басқарушы компанияның лицензиясы уақытша тоқтатылса немесе толық күшін жойса, зейнетақы активтері БЖЗҚ-ның Ұлттық Банктегі арнайы шотқа қайтарылады.

Дайындаған – Есімжан Нақтыбайұлы


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться