Зейнетақы жинағынан алынатын ақшаға табыс салығы салынбайды

13485

Сенат салық кодексіне енгізілетін түзетулерді қабылдады.  

Зейнетақы жинағынан алынатын ақшаға табыс салығы салынбайды

Құжатқа сәйкес 2021 жылы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жинақтарының бір бөлігін алатын азаматтар 10% табыс салығынан босатылды.

Естеріңізге салайық, бұдан бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылдан бастап азаматтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік беру жөнінде тиісті мемлекеттік органдарға тапсырма берді. Сол кезде салық кодексі бойынша салымшылар табыс салығын төлеуге тиіс деген сөз шықты. Бұған халық наразы болды. 

"Зейнетақы жинағындағы қаржының бір бөлігін алдын ала алған кезде оның 10%-ын бір реттік салық ретінде төлеу керек. Бұл қазіргідей күрделі кезеңде азаматтар үшін тиімсіз деп есептейміз. Сондықтан салықты зейнетақы жинағын алған кезде емес, тек зейнетке шыққан соң ғана төлеу ұсынылды. Оның өзінде бәрін бірден аудармай, заң жобасына 16 жылдың ішінде бөліп төлеу туралы норма енгізілді", – деді сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев. 

Айта кетейік, азаматтығын ауыстырғысы келген адамдар зейнетақы жинағынан ақша алғаны немесе оның бір бөлігін пайдаланғаны үшін төленетін салықты бірден және толық өтеуге міндетті. 

Қанат Махамбет 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу