Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тағы сайлау кезінде жаппай шабуыл жасалатынын ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD-ке сілтеме жасап.
Украина барлау мәліметі бойынша Ресей АҚШ-тағы Конгресс сайлауы кезінде Украинаның энергетикалық инфрақұрылымы мен логистикалық нысандарына жаппай соққы жасауды жоспарлап отыр.
"Владимир Зеленский X желісінде әлем назары АҚШ-тағы сайлауға аударылатынын, "ал Украинада болып жатқан жағдайлар, соның ішінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс пен Patriot зымырандары бойынша қиындықтарымыз назардан тыс қалатынын" мәлімдеді", – деп жазады BILD.
Айта кету керек, бұған дейін Трамп Иранға жаңа соққылар жасайтынын айтып сес көрсеткенін жазғанбыз.