Зеленский телеграм каналы ресейліктердің "соғысты аяқтау туралы ақыры ойланғанын" жазды.
Сонымен қатар, Украина ең алдымен атысты тоқтатуға қол жеткізуге тырысатынын мәлімдеді.
"Ресейліктердің ақыры соғысты тоқтату туралы ойланғаны – жақсы белгі. Бұл дүниежүзіндегі барлық адам күтіп жүрген нәрсе еді. Кез келген соғысты шын мәнінде аяқтаудың алғашқы қадамы – бұл атысты тоқтату. Кісі өлтіруді бір күнге болса да жалғастырудың еш мәні жоқ. Біз Ресей ертең, 12 мамырдан бастап атысты толық, ұзақ мерзімді және сенімді түрде тоқтататынын растайды деп күтеміз. Украина кездесуге дайын", – деп жазды Зеленский.
Бұған дейін Ресей Президенті Владимир Путин Украинамен тікелей келіссөздерді 15 мамырда Ыстанбұлда, ешқандай алдын ала шартсыз бастауға ұсыныс жасаған еді.