Зеленский Путинмен Қазақстанда кездесуге дайын екенін айтты

416

Киев Мәскеумен келіссөз жүргізуге дайын отыр. 

Зеленский Путинмен Қазақстанда кездесуге дайын екенін айтты Фото: Ақорда

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесуге дайын елдерді атады. Тізімде Қазақстан да бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мен де, командам да Түркияда, Сауд Арабиясында, Қатарда, Аустрия мен Швейцария сияқты бейтарап елдерде кездесуді ұсындық... Қаласаңыздар, мысалы, Қазақстанда да кездесуге болады", – деді Зеленский Fox News арнасына берген сұхбатында.

Украина басшысы ресейлік әріптесімен кездесуге дайын екенін тағы растады.

Бұған дейін Зеленский Трамп және Путинмен екіжақты немесе үшжақты форматта алдын ала шарттарсыз кездесуге ниетті екенін жеткізген болатын. Оның қойып отырған жалғыз шарты – кездесу орны Мәскеу болмауы тиіс.

Бұл ретте Путин Зеленский кездесуге дайын болса, Мәскеуге келсін деп айтқан болатын. Алайда Украина басшысы бұл ұсыныстан бас тартып, әріптесін келіссөз жүргізу үшін Киевке шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу