Зеленский Трамппен сөйлескен соң қуанышты жаңалық барын жасырмады

Ол АҚШ президентіне Украинаны қолдағаны үшін алғысын білдірген.

Зеленский Трамппен сөйлескен соң қуанышты жаңалық барын жасырмады Фото: BBC

Владимир Зеленский Дональд Трамппен телефон арқылы тілдесіп, соғысты тоқтатуға қатысты ашық әңгіме болғанын жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Мен АҚШ президенті Дональд Трамппен сөйлестім. Арамызда өте жақсы әңгіме болды. Украинаны қолдауға және адам өлтіруді тоқтатып, ұзақ және әділ бейбітшілік жолында бірлесіп жұмыс істеуді жалғастыруға дайын болғаны үшін рақмет айттым, – деп жазды Владимир Зеленский әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Сонымен қатар, Украина президенті Трамптың НАТО Бас хатшысымен кездесуі туралы жариялағанын да назардан тыс қалдырмады. 

– Бейбітшілікке қол жеткізу үшін барынша өнімді жұмыс істеуге дайынбыз. Біз телефон арқылы жиі хабарласып, алдағы уақытта қадамдарымызды үйлестіруге келістік. Рақмет, Президент мырза! Рақмет, Америка! – деп ағынан жарылды Владимир Зеленский.

Бұған дейін inbusiness.kz тілшісі "Трамп Путинді тығырыққа тіреп қойды" деген тақырыпта материал жариялаған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу