Зеленский Украинада сайлау өткізуге дайын

190

Украина Президенті Владимир Зеленский елде президент сайлауын өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Зеленский Украинада сайлау өткізуге дайын Фото: ria.ru

Алайда оның айтуынша, бұл үшін Ресей 60 күнге атысты толық тоқтатуы керек. Зеленский бұл туралы америкалық ABC телеарнасының эфирінде айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты BILD басылымына сілтеме жасап.

Ол АҚШ Президенті Дональд Трамп шынымен Украинада сайлау өткізуді қаласа, Ресей басшысы Владимир Путинге 2 айлық бітім жасау туралы ұсыныс жеткізуі керегін атап өтті.

"Біз халқымыздың таңдауын қабылдауға дайынбыз. Бұл – тек украин халқының шешімі", – деді Зеленский.

Бұған дейін Дональд Трамп Зеленскийді келіссөздерге келуге құлықсыз деп айыптап, Украинаға жаңа басшы қажет екенін айтқан болатын.

Ақ үй маңында журналистерге сөйлеген Трамптың пікірінше, Украинаға келісім жасай алатын жаңа көшбасшы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу