Жайлауов жүр, Доус жоқ

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
2871

​Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы өз елімізде өтетін әлем чемпионаты дайындығын бастады.

Жайлауов жүр, Доус жоқ Фото: icehockey.kz

Қазақстан хоккейшілері биыл да әлем чемпионатының 1-дивизионындағы "А" тобында бақ сынайды. Бұл топтағы бүкіләлемдік біріншілік 29 сәуірден бастап, 5 мамырға дейін Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Қарсыластарымыз – Беларусь, Корея, Словения, Венгрия және Литва құрамалары. Мақсат – Жоғарғы дивизион жолдамасын жеңіп алу.

Биыл өз жерімізде Жоғарғы дивизион жолдамасына қол жеткізе алмасақ, ұят болады, әрине. Қазақстан құрамасының бапкерлері де, хоккейшілері де мұны жақсы біледі деп ойлаймыз. Ұлттық құрамамыз осы аптадан бастап әлем чемпионаты дайындығын бастап, оқу-жаттығу жиынын жүргізе бастады.

Осы ретте, еліміздің шайбалы хоккей федерациясының ресми сайты ұлттық құраманың кеңейтілген тізімін жариялаған. Қызық болғанда, олардың тізімінде Талғат Жайлауов жоқ. Ал Қазақстан құрамасының бас бапкері Андрей Скабелка болса, "Жайлауов өзі келді, бізбен жаттығып жүр" деп, бұртиып отыр. Өкпесі қара қазандай сияқты...

Қазақстан азаматтығын алған Найджел Доусты биыл да біздің елдің намысын қорғамайтын болыпты. Шақырту жіберілсе де, бас тартқан. Ал Кевин Даллмэн отбасылық жағдайына байланысты үйіне кеткен. Содан бері әлі хабар жоқ көрінеді. Бұларға жарақат алып, жарты жылға қатардан шығып қалған Роман Старченконы да қосуға болады.

Сонымен Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі:

қақпашылар – Хенрик Карлссон, Сергей Кудрявцев (екеуі де – "Барыс), Никита Бояркин ("Сарыарқа"), Валерий Севидов ("Алматы");

қорғаушылар – Мадияр Ибрайбеков, Самат Данияр, Валерий Орехов, Даррен Диц, Максим Семёнов, Александр Липин, Алексей Маклюков, Кирилл Полохов, Егор Шалапов (бәрі де – "Барыс"), Иван Степаненко, Дмитрий Степанов (екеуі де – "Бейбарыс"), Артемий Лакиза, Никита Клещенко (екеуі де – "Номад"), Леонид Метальников ("Сарыарқа");

шабуылшылар – Әлихан Әсетов, Никита Михайлис, Брэндон Боченски, Дастин Бойд, Антон Сагадеев, Дмитрий Гренц, Павел Акользин, Егор Петухов, Дмитрий Шевченко, Дмитрий Гурков (бәрі де – "Барыс"), Мартен Сен-Пьер ("Куньлунь Ред Стар"), Нұрсұлтан Белгібаев, Максим Худяков (екеуі де – "Алтай-Торпедо"), Евгений Рымарев, Аркадий Шестаков (екеуі де – "Торпедо"), Иван Кучин, Антон Некряч (екеуі де – "Бейбарыс"), Александр Борисевич ("Сарыарқа"), Ярослав Евдокимов ("Номад"), Максим Волков ("Ертіс").

Қазақстан құрамасының ойындары күнтізбесі:

29 сәуір: Словения – Қазақстан

1 мамыр: Қазақстан – Литва

2 мамыр: Корея – Қазақстан

4 мамыр: Қазақстан – Беларусь

5 мамыр: Венгрия – Қазақстан

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу