Жалақымен бірге инфляция да өсіп келеді

6223

Азық-түлік бағасы айтарлықтай көтеріліп кетті.

Жалақымен бірге инфляция да өсіп келеді

2019 жылғы ІI тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 186537 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі өткен жылдың осындай тоқсанында 114,6%, ал нақты жалақы индексі 108,9% болды, деп хабарлайды статистика комитеті.

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде орташа республикалық деңгейден 2,5 есе ұлғайып, 458 мың теңгеге, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу  2,1 есе көбейіп 387,3 мың теңгеге, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте 1,7 есе көбейіп, 315,1 мың теңгеге, ақпарат және байланыс саласында 1,5 есе көбейіп 274,8 мың теңгеге, құрылыс саласында 1,3 есе ұлғайып, 233 мың теңгеге жетті.

Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығының қызметкерлерінде, яғни 112,9 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 39,5%-ға төмен.

Өңірлер бойынша ең жоғарғы жалақы Атырау облысында – 325 мың теңге. Бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есеге артық. Жамбыл облысында тиісінше шамамен 126,5 мың теңгені құрады. Бұл ел бойынша орташа деңгейден 32,2%-ға төмен.

Дереккөз: Статистикалық комитет

Жыл басынан бергі жеті айда азық-түлік 6%, азық-түлік емес тауарлары 2,4%-ға жоғарылады, ал ақылы қызметтер 0,7%-ға арзандады, деп жазады статистика комитеті.

Жекелей тоқталар болсақ, күріш – 15,7%, ұн – 15,4%, қой еті – 11,1%, мұздатылған балық – 9,7%, нан – 9%, жемістер мен көкөністер – 8,9%, жылқы еті – 8,8%, макарон өнімдері – 7,9%, сиыр еті – 7,4%, құс еті, шошқа еті – 6,8%, мәйекті ірімшік – 6,2%, ет өнімдері – 5,7%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдері – 5,2%, шұжық өнімдері – 4,4%, шай – 4,3%, кондитерлік өнімдер – 3,7%-ға қымбаттады.

Темекі өнімдері – 10%, салқындатылған сусындар – 8,9%, алкогольді ішімдіктер 5,6%-ға қымбаттады.

Сонымен қатар қияр – 56,2%, қызанақ – 28,7%, қырыққабат – 14,5%, жұмыртқа – 12,1%, шикі сүт – 4,6%, құмшекер – 2,7%, сүзбе – 2,4%, қарақұмық жармасы 2%-ға арзандады.

Фармацевтикалық өнімдер – 4,9%, автомобильдер – 4,8%, құрылыс материалдары – 4,5%, жиһаз және үйге қажетті заттар – 3,8%, тоқыма бұйымдары – 3,7%, тұрмыстық аспаптар – 3,6%, киім және аяқ киім – 3,5%, жеке қолданатын тауарлар – 3,3%, жуғыш және тазалағыш құралдар 3,2%-ға қымбаттады.

Есесіне бензин – 4,6%, дизель отыны – 1,2%, баллондағы сұйытылған газ 0,9%-ға арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылыту – 11%, ыстық су – 10,1%, суық су – 7,8%, кәріз – 7,2%, электр энергиясы – 5,6%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ – 4,1%, қоқыс шығару 3,6%-ға арзандады.

Бұдан бөлек санаторийлер қызметтері – 9,9%, құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру қызметтері – 5%, денсаулық сақтау қызметтері – 4,2%, саяхаттар мен демалыс үйлеріне жолдамалар – 3,7%, қоғамдық тамақтандыру қызметтері – 3,5%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтері – 3,3%, қонақ үйлер қызметтері 2,2%-ға қымбаттады.

Дереккөз: Статистикалық комитет

Аслан Қажен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу