Жалғас Жұмағұлов октагонға қайта оралды

264

Бүгін, 28 маусым Германияның Гамбург қаласында аралас жекпе-жек турнирі – Oktagon 73 өтеді. Бұл турнир еуропалық MMA жанкүйерлері асыға күтетін маңызды оқиғалардың бірі саналады

Жалғас Жұмағұлов октагонға қайта оралды Фото: Жеке парақшасынан

Oktagon ұйымы тұңғыш рет Германияда үлкен шоу ұйымдастырып отыр. Ал бұл кешке қатысатын файтерлер сапында Еуропаның әр түкпірінен келген мықты спортшылар бар.

Турнирдің басты жекпе-жегі – қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (17–9) пен грузиндік Бено Адамия (12-8-2) арасындағы титулдық айқас болмақ.

Бұл Жалғас үшін үлкен мүмкіндік. Оның басты мақсаты еуропалық аренада чемпиондық атақ үшін күресіп, өзінің әлемдік деңгейдегі жекпе-жек шебері екенін дәлелдеу.

Жекпе-жектердің тікелей көрсетілімі SPORT+ телеарнасында Қазақстан уақыты бойынша сағат 21:00-ден кейін басталады.

Айта кетейік, чех-словакиялық Oktagon MMA лигасы – Еуропадағы ең беделді промоушндердің бірі.

Соңғы жылдары бұл ұйым көрермендер мен спорт сарапшылары тарапынан жоғары бағаға ие болып, бейресми түрде "Еуропаның UFC-і" деген атауға ие болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу