Жамбыл Көкеев "Шахтерге" ауысуы мүмкін

4037

Қарағандылық команда Англия құрамасының қақпасына гол соққан Жамбыл Көкеевті алғысы келеді. 

Жамбыл Көкеев  "Шахтерге" ауысуы мүмкін

Осы жақында ғана Қарағандының "Шахтерге" командасы басшылық қызметтегі адамдарды ауыстырды. Клуб президенті болып Ерлан Оразаев тағайындалса, клубтың спорт директоры лауазымын енді Давид Лория алып отыр. Сонымен қатар осыған дейін бас бапкер болып келген Никола Костов та қызметінен кетті. Болгариялық бапкердің орнына жақын арада Әли Әлиев келуі ықтимал. "Қызылжар" командасын премьер-лигаға шығарған жас маман  "Шахтерге" тізгінін ұстайды деген ақпарат ғаламтор бетінде жиі кездесіп жүр. 

Сонымен бірге клуб басшылығы жартылай қорғаушы Жамбыл Көкеевке қызығушылық танытып отырған сыңайлы. Ұлттық құрама сапында жасындай жарқылдаған талантты ойыншы соңғы маусымда "Ақтөбе" командасында қорғаушы болып ойнауға мәжбүр болған. 31 жастағы тәжірибиелі ойыншы  "Шахтерге"  сапында ел чемпионы атанған болатын.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу