Жамбылда көктемгі дала жұмыстары қызу жүріп жатыр

Маржан Кәрімжанқызы Маржан Кәрімжанқызы
3848

Жамбыл облысында көктемгі дала жұмыстары межеленген мезгілден он күн бұрын басталып кетті. 

Жамбылда көктемгі дала жұмыстары қызу жүріп жатыр

Облыстың Байзақ және Жамбыл аудандарына қарасты шаруа қожалықтарда бүгінде жер жыртып, тұқым себу жұмыстары қарқын алған. Шаруаларға 18 мың тонна жанар-жағар май нарық бағасынан 10-15 теңгеге арзандатылып беріліп отыр. 

Жалпы облыс бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 4,6 миллион гектар жерді құрайды. Оның 781,8 мың гектары егістік алқабы.

 "Қазір техникалардың көктемгі жұмыстарға дайындығы 92 пайызды құрап отыр. Енді жаппай  көктемгі жұмыс басталғанға дейін техниканың дайындығын 97 пайызға жеткізіп, көктемгі дала жұмыстары атқарылатын болады", – дейді Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Құлкеев.

Аталған басқарма тарапынан аудандарға берілген тапсырма бойынша 2019 жылдың өніміне  дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 310,4 мың гектарға, майлы дақылдар 97,2 мың гектарға, қант қызылшасы 9,0 мың гектарға, картоп 9,8 мың гектар алқапқа, көкөніс-бақша дақылдары 43,9 мың гектарға, мал азығы дақылдары 217,5 мың гектарға, осылайша, ауыл шаруашылығы дақылдарын 673,8 мың гектар алқапқа орналастыру  жоспарланыпты. Бұл өткен 2018 жылмен салыстырғанда 8 пайызға артады деп межеленуде.

Сондай-ақ, дихандардан қант қызылшасы дақылын өңдеуші кәсіпорындарға өткізген әрбір тонна өнім үшін 12,0 мың теңге субсидия төлеу үшін облыстық бюжеттен 1360,0 миллион теңге қаражат бөлінген.  Мемлекет тарапынан берілетін мұндай көмек толық электрондық форматпен "QOLDAU.KZ" сайты арқылы жүзеге асырылатын болады.

Егіс алқаптарын арзандатылған минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету үшін биыл 1 миллиард теңге қаражат бөлініп, егіс алқабының 22 пайызы тыңайтылады екен.

Басқарма басшылығының айтуынша, жергілікті бюджеттен 805,0 миллион тенге ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары репродукциялы тұқымдарымен жеміс ағаштарының элиталы көшеттері бойынша ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қолдау үшін бөлінген.

Маржан Кәрімжанқызы, Жамбыл облысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу