Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

217

Қазақстандық балуан алғашқы белдесуінде 13:2 есебімен басым түсті.

Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының жартылай финалына шықты Фото: TeamQazaqstan

Қазақстандық балуан Жәмила Бақбергенова Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әйелдер күресінен 72 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз ширек финалда Украина өкілі Надия Соколовскамен белдесті.

Жәмила қарсыласынан 9:1 есебімен басым түсіп, әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. 

Енді бірнеше сағаттан соң Бақбергенова жартылай финалда Қытай палуаны Зелу Лимен күш сынасады.

Жартылай финалдар сағат 16:30-да басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу